Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін бе – Министр жауап берді
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күзде қант бағасының өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қант қымбаттамайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жағдай орын алса, қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал", – деді Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін еліміздегі қанттың 75%-ы Ресейден әкелінсе де, қант өндірісі ішкі қажеттілікті өтемейтінін жазған болатынбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"