Қазақстанда қалың қар жауып, көктайғақ болады
2024 жылдың 6 ақпанында Қазақстанның басым бөлігіне тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Қазгидрометтің мәліметінше, көктайғақ, бұрқасын болады. Астанада қар жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз 3-5°C аяз болады.
Ал Алматыда бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел екпіні 0-5 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7°C аяз, күндіз 2-4°C жылы болады.
Шымкентте бұлт көшіп, күндіз аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 1°C аяз, -1°C жылы, күндіз 11-13°C жылы болады.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды