Sulpak, Magnum, "Қазақтелеком" ең нашар жұмыс берушілер тізімінде: Қазақстанда IT-мамандарға арналған үздік компаниялар анықталды
Қазақстанда IT және digital саласының мамандарына жұмыс беретін ең үздік жұмыс компаниялар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
People Consulting компаниясы ұйымдастырған зерттеу 2025 жылғы 20-30 қаңтар аралығында өткізіліп, оған 1 343 респондент қатысқан.
Сауалнама нәтижесінде мамандарға қолайлы жағдай жасап, кәсіби өсулеріне мүмкіндік беретін, жайлы корпоративтік мәдениет қалыптасқан, икемді жұмыс кестесі және қызықты жобаларға қатысу мүмкіндігі бар компаниялар белгілі болды.
Ең үздік 10 жұмыс берушілер:
- Yandex Qazaqstan;
- Kolesa Group;
- InDrive;
- Beeline;
- Air Astana;
- Tinkoff R&D;
- EPAM Kazakhstan;
- Freedom Bank;
- Tele2/Altel;
- Aviata.kz.
Сонымен қатар жұмыс істеуге ең қолайсыз 10 компания белгілі болды.
Олардың ішіне:
- Eurasian Bank
- Sulpak,
- “Қазақтелеком",
- Mechta Market, Qiwi,
- MagnumGO E-Commerce,
- Halyk Bank, Bank RBK,
- Bereke Bank
- Technodom кіреді.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, IT-мамандардың 17 пайызы кәсіби даму мүмкіндігіне қарай жұмыс орнын таңдайтын көрінеді. Сонымен қатар олар шүін жайлы жұмыс ортасы және мықты команда, қаржылық тұрақтылық, икемді жұмыс кестесі және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі, қызықты жобалар, сондай-ақ жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік мәселелері де маңызды.
Ал мамандардың жұмыс орнынан бас тартуының негізгі себептері мыналар:
- жалақының төмен болуы (20%);
- жұмыстағы жағымсыз атмосфера (14%);
- бизнестегі тұрақсыздық (8%).
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайған еді.