Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшерлемесі төмендетілді

Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшері 20%-ға дейін төмендетілді. Бұған дейін бұл шекті мөлшерлеме 25% болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ( ҚНРДА) мен Ұлттық банк 2024 жылғы тамызда қабылдаған "ЖТСМ шекті мөлшерлерін айқындау туралы" бірлескен қаулысына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:
- Ипотекалық несиелер бойынша ЖТСМ 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.
- Ал кепілсіз және кепілді банк несиелері, сондай-ақ микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Олар 46%, 35%, 25% және 46% болды.
Бұл өзгерістер тек ипотекаға қатысты. Қаулы 5 маусымда жарияланып, 15 маусымда күшіне енеді. Қаулының орындалуын бақылау ҚНРДА мен Ұлттық банк төрағасының орынбасарына жүктелген.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды