Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысы көтерілмек
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы мәселе қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мусиннің айтуынша, күнделікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінен жалақыны көтеруге қатысты өтініштер келіп түседі.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне үлкен жүктеме түсті. Біздің фронт-офистер мемлекеттің бет-бейнесі, өйткені ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметті оффлайн режимінде алудың бірден-бір жолы. Осы демалыс күндері мен "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығымен жағдайды талқыладым. Мен Басқарма төрағасы Әділ Қожиховқа жалақыны көтеру жоспарын әзірлеуді және жалпы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауды тапсырдым", - деп жазды Мусин әлеуметтік желіде.
Ол бұл өзгерістер көктемнен бастап енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"