Қазақстанда халықаралық рейстерді қалпына келтірмейді
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова халықаралық трафикті қалпына келтіру туралы әңгіме әлі қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есмағамбетова еліміздегі коронавирусқа қатысты жүйеге өзгеріс енгізетіні туралы айтып берді. Ол карантин шараларының жеңілдетілетіні туралы жеткізді. Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер халықаралық рейстерге қатысты сөз қозғады
"Кеше біз қарарымызға қосымша жеңілдетулер енгіздік. Вирусқа талдама нәтижесі барлар шекарадан өте береді. Қорытындысы жоқ адамдар карантинге жатқызылып, тест тапсырады. Егер теріс нәтиже көрсетсе, үйіне жіберіледі. Бұл тек біздің елімізге қазақстандықтармен келетін рейстерге қатысты. Халықаралық рейстер туралы әңгіме болмады", - деді Есмагамбетова.
Оның айтуынша, халықаралық трафикті қалпына келтіру әлі талқыланған жоқ.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан