Қазақстанда этникалық қазақтарға арналған арнайы карта енгізіледі
Қазақстанда тарихи отанында бизнесін дамытқысы келетін шетелден келген этникалық қазақтар үшін арнайы карта енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
"Тарихи отанмен байланысты нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді жүзеге асырған этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) Қазақ картасын енгізу ұсынылады. Бұл қандастарымыздың бизнестерін өз елдерінде және Қазақстанда дамытуына мүмкіндік беретін болады", - делінген хабарламада.
Карточка ұстаушы елге жеңілдетілген кіру мүмкіндігіне ие болады, оларға тұруға ықтиярхаты барлармен бірдей құқықтар беріледі. Саяси құқықтарды қоспағанда, бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа да мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік берілмек.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды