Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ет бағасы 16%-ға қымбаттады

Қазақстанда ет бағасы күн санап қымбаттап келеді. Бір жыл ішінде 16%-ға қымбаттаған екен. Ал ең қымбат ет Астана қаласында сатылып жатыр.

Бұл туралы ranking.kz басылымы жазды.

2017 жылдың қазан айының соңында сиыр еті килограммының бағасы 1426,3 теңге болды. Жылына 15,6%-ға (192,7 теңгеге), айына 0,7%-ға (9,4 теңгеге) қымбаттаған екен. Былтыр қазан айында сиыр етінің бағасы 6,3%-ға  (73,4 теңгеге) қымбаттап, бір килограммының бағасы 1233,7 теңгеге жеткен еді. Қазақстан қалаларының ішінде ең арзан ет Таразда сатылып жатыр. Аталған қаладан бір килограмм етті 1297 теңгеге алуға болады. Осылайша еттің бір айдағы бағасы 1,8%-ға (23 теңге) дейін ғана қымбаттаған. Ал жылына 6,7%-ға (81 теңгеге) қымбаттаған.

Бұдан кейінгі арзан етті Петропавл қаласынан табуға болады. Аталған қалада еттің килограммы 1303 теңгеден сатылып жатыр. Ет бағасы айына 4,3%-ға (54 теңгеге) қымбаттаған. Ал жылына 12,9%-ға (149 теңгеге) қымбаттаған.

Ет бағасының арзандығы жағынан Талдықорған қаласы үшінші орында тұр. Аталған қаладан еттің бір килограммын 1317 теңгеге сатып алуға болады. Бір айда сиыр етінің бағасы көтерілмеген. Десе де, бір жыл ішінде ет бағасы 9,5%-ға (114 теңгеге) қымбаттаған. Астанада ет килограммының бағасы – 1661 теңге, Атырауда – 1530 теңге, Алматыда – 1525 теңге.


Жіберіп алмаңыз:

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Бишімбаевтың қорғаушылары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Астананың үздік логотипінің авторы 8 млн теңгеге ие болады

Талқылау