Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар рейтінгісі жарияланды
HeadHunter компаниясының зерттеу қызметі мамандары еңбек нарығын зерттеп көріп, 2016 жылғы ең сұранысқа ие мамандықтар тізімін жасады.
Мәліметке сәйкес, жыл басынан бері 117 мың бос жұмыс орындары жарияланып, 400 мыңнан аса резюме жіберілген. Сонда бір орынға 3,5 адамнан келіп тұр.
«2015 жылы бос жұмыс орындары 23 пайызды құраса, резюме саны 69 пайызға артқан. Бәсекелестік 1,8-ден 3,5-ға өсті. »
Ең сұранысқа ие мамандықтар sales-өкілдері(19 пайыз), есепшілер (8,3 пайыз), әкімшілік қызметкерлер (7,67 пайыз), маркетолог (7,3) пен ІТ саласы мамандығы, телеком (6,1 пайыз).
Кәсіби мамандықтар ішінде бәсекелестігі жоғары қызметтер: «қызметті жаңа бастаушылар» бір орынға 22 адам, шикізат өндірісі – 7,8 пайыз, топ-менеджмент – 7,2 пайыз, юриспруденция – 4,7 және есепші мамандығы – 4,48 пайыз кандидат бір орынға таласады. Ал, құрылыс саласында бір бос орынға 2,13 адамнан келеді.
Сонымен қатар жұмыс берушінің ең төменгі жалақысы 50 мың теңге, орташа жалақы 120 мың теңге, ал жоғары жалақылар 500 мың теңгеге дейін барады.
«Біз жоғары жалақыны тек басшылық қызметте ғана беріледі деп ойлаймыз. Алайда, өндірістік, инженерлік мандықтарда, ІТ, тіпті ауылшаруашылық мамандықтарында жоғары жалақылар беріледі», – дейді аналитиктер.
Жіберіп алмаңыз:
Сарапшылар Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатынын анықтап көрді
Ақтөбе әкімдігі қыруар қаржыға бағалы заттар сатып алуының себебін түсіндірді
Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты