Қазақстанда дизель отынының ендігі бағасы қандай болмақ? Энергетика вице-министрі айтып берді
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов онлайн брифинг барысында дизель отынының алдағы бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, тоғыз ай ішінде дизельді отынның орташа бағасы бір литрі үшін 188 теңгені құрады. Бірақ соңғы кезде 208 теңгеден бастап 330-ға дейін жеткен.
“Валютаның бағамы құбылады ғой, соған ұқсас. Біздің болжамымыз бойынша дизельді отынның жеткізілуіне қарай айырмашылық қысқарады. Сондықтан маусымаралық отын бойынша 330 теңге сияқты тым жоғары баға болмауы керек. Меніңше, ол баға айтарлықтай төмендейді", – деді вице-министр.
Қазақстанда дизель отынының қанша мөлшері қалды: Энергетика вице-министрі жауап берді
Вице-министр Ресейден жеткізілетін дизельді отын бағасына да тоқталды. Оның айтуынша, шекаралас аймақтарда көрші елден алынған жазғы және мауысымаралық дизельдің бағасы 230 теңгеден басталады. Ал қысқы түрі 260-270 теңге тұрады.
"Бұл – ірі тасымалдаушының бағалары. Көбісі қымбатқа сатып алады. Қыста дизелдің маусымаралық түріне сұраныс төмендейді. Ал қысқы дизельді отынның бағасы қашанда жоғары болған. Бұған дейін бір литрі 250-270 теңге тұрған. Меніңше, инфляцияны ескере отырып, біршама өзгеріс болады", – дейді Мағауов.
Вице-министр нақты бағаны атаған жоқ. Бірақ 330 теңгеден төмен түсетініне сенімді.