Қазақстанда дизель отыны қымбаттады
Қазақстанда дизель отынының бағасы бір жылда 12,5%-ға өскен. Дегенмен жаздық дизель бағасы 1,3%-ға арзандаса, қысқы дизель бірден 30,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, ең жоғарғы өсім Ақтөбе (27,9%), Абай (24,6%) және ШҚО-да (24,4%) тіркелген. Ал Алматы облысында дизель бағасы небәрі 0,5%-ға өсті. Шымкенте, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылғы деңгейде сақталған.
Елімізде қаңтар мен қазан аралығында 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға көп екен. Қаңтар-тамыз аралығында жергілікті компаниялар дизель отынына деген сұранысты 99,3%-ға қанағаттандырған.
Биыл елімізге 23,8 мың тонна дизель отыны импортталсағ шет елдерге 60,5 мың тонна экспортталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,4 есе аз.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді
