Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында үкімет қаулылар қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында "Парламент депутаттарының, үкімет мүшелерінің және барлық деңгейдегі әкімдердің жалақысын арттыруға мораторий енгізу туралы" қаулы қабылданды.

Қазақстан Республикасы рремьер-министрінің баспасөз қызметі
2022 жылғы 1 ақпанда премьер-иинистр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыға да өзгерістер енгізілді. Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.

“Экономиканы жекешелендіру бөлігінде жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдері мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жариялануға жатады.Қазақстан Республикасы”, – деп жазды премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Талқылау