Қазақстанда депозитке қосылатын сыйақы мөлшерлемесі көтерілді
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры деозиттің сыйақы мөлшерлемесі көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры артынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, теңгемен ашылған ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді және жинақ депозиттерінің максималды мөлшерлемесі ұлғайтылды.
Қазақстанда теңге депозиттеріне 10 пайыз көлемінде өтемақы қосылады - Ұлттық банк
"Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесін қайта қарауға құқылы", - дейді қор мамандары.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі