Қазақстанда дәрі-дәрмектерді тексеру жеңілдетіледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға сараптама жүргізуді жеңілдетуге ниетті. Бұл туралы дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ережесіне толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дәрі-дәрмектерге сараптама жасау заңына бірқатар өзгертулер енгізілді. Бұл шешім эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде карантин енгізуге байланысты шықты. Осы жағдайды ескере отырып, тексеру кезінде сараптама жұмыстары өндіріс пен зертхананың жағдайын бағаламай аяқталатын болады. Яғни дәрі-дәрмекті тексеру жеңілдетілетін болады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Осыған ұқсас тармақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ережесімен толықтырылды.
Жақында өзгеріске қол қойылады деп күтілуде.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"