Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бизнеске арналған салықтардың бірін төмендету ұсынылды

Мәжілісте Азат Перуашев бастаған “Ақ жол” партиясының бірқатар депутаттары премьер-министрге сауал жолдап, елде салықтардың бірін төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

салық сток

Фото: pixabay.com

Депутаттардың сөзінше, 2023 жылы Салық кодексі шағын және орта бизнес үшін бөлшек салық ұғымын енгізді. Сәйкесінше жергілікті маслихаттарға оны 4%-дан 2%-ға дейін төмендету мүмкіндігін берген. Алайда бұл шешім тек бір жыл жарамды дейді. 

"Ақ жол" Демпартиясы сол жылдың сәуірінен бастап, Мәжіліс пен маслихаттардағы фракцияларымыздың бұл мүмкіндікті пайдаланып, өз аймақтарында бөлшек салықты 2%-ке дейін төмендету туралы ұсыныспен 30-дан астам сауал жолдады. Біздің жарты жылдық күресіміздің нәтижесінде, Алматы қаласынан басқа, барлық дерлік аймақтарда аталмыш салық мөлшерлемесі төмендетілген еді. Сол шешімді қолдағаны үшін барлық деңгейдегі маслихат депуттарына алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне сай, бөлшек салықты төмендету туралы шешім тек бір жыл ғана жарамды. Ал әрбір келесі жыл үшін жергілікті өкілді органдар алдынғы 1 желтоқсанға дейін жаңа шешім шығаруға тиіс”, – делінген сауалда. 

Депутаттар аталмыш салық екі айдан кейін қайтадан 4%-ға дейін өсетінін алға тартып, мұның алдын алу керек дейді. 

“Осыған орай, "Ақ жол" Демпартиясы Үкімет, әкімдер мен жергілікті маслихаттарға, келесі 2025 жылға да бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін 2%-ке төмендету мақсатымен, биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін барлық аймақтарда тиісті шешім қабылдауды тағы да ұсынып отырмыз”, – деп түйіндеді депутаттар өз сауалында. 

Талқылау