Қазақстанда бірқатар автожолдар ауа райына байланысты жабылды
Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысында температураның төмендеуіне байланысты барлық бағыттар бойынша автожолдарда дизельді және қоғамдық көліктерге жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Алматы облысында "Алматы-Өскемен" автожолының 558-615 шақырымы, Үшарал қаласы- Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесі жабылды.
Павлодар облысында "Омбы-Майқапшағай" автожолының 426-587 шақырымы, Кенжекөл ауылы-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды