Қазақстанда бір тәулік ішінде 11 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 9 адам, теріс ПТР-тесті бар коронавирустық пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігі баспасөзіне сілтеп.

543 адам коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониямен ауырды. ПТР тесті арқылы коронавирус 126 пациентте расталды.
1 тамыздан бастап теріс ПТР сынағымен пневмонияның 25 658 жағдайы анықталды, 284 адам қайтыс болды.
Пандемия басталғаннан бері (13 наурыздан бастап) Қазақстанда пневмонияның 105 684 жағдайы анықталды, 1 581 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 968 адам, оның ішінде 33 бала емделуді жалғастыруда. Стационарларда 3 843 пациент, амбулаториялық деңгейде – 4 125.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды