Қазақстанда енді президент бір мерзімге сайланады, ал күзде кезектен тыс сайлау өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Сондай-ақ ол президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік.
- Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасалады - Тоқаев
- Тоқаев 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілетінін айтты
Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", – дейді Тоқаев.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды