Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасалады - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент қаңтарда ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де өз азаматтарымыз екенін айтты.
“Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр.Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын”, – деп мәлімдеді ол.
- Тоқаев көліктерге салынатын утиль алым көлемін 250 мың теңгеден асырмауды тапсырды
- Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квоталар енгізілді
Сондықтан Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын айтты.
“Әлбетте, амнистияның тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы барлар мен басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке сатқындық жасап, билікті күшпен ауыстырғысы келгендерге қатысы жоқ”, – деп толықтырды президент.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған