Қазақстанда бензин бағасы көтерілмейді: Экономика министрлігі мәлімдеме жасады
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин акциз мөлшерлемесі көтерілгенімен, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы өспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол ұлттық экономика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі 173-қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты. Жоба мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірушілердің бензин, газол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынның көтерме саудасына акциз мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін арттыру;
- өндірушілердің дизель отынын көтерме саудасына акциз мөлшерлемесін 1 тоннаға 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін арттыру;
- дизель отынына акциздер бойынша маусымдық өзгерістерді алып тастау;
- дизель отынының импортына тең мөлшерлеме белгілеу;
- дизельдік отынға ЕАЭО ТН VED кодтарын нақтылау.
"Бұл ретте жанар-жағармай бағасы өспейді, өйткені энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес жанар-жағармай материалдарын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген", - делінген хабарламада. деп баса айтты Азамат Амрин.