Қазақстанда балалардың мобильді аударымдарын мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды
Мемлекеттік кірістер комитеті балалардың мобильді аударымдарын өз бақылауына алады. Ведомство осылайша ресми тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com
Қазір жеткіншектердің жеке шоттары арқылы төлем қабылдап, жұмыс істеп отырғандар көп. Сол себепті балалардың шоттары толық тексеріледі. Алайда балалардың шоттарын тексеруді ата-аналардың бірі қолдаса, енді бірі қарсы.
Айта кетейік, елімізде 6 жастан асқан балалар ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен шот аша алады. Дегенмен шектеулер де бар. Мысалы, жасөспірімдер басқа клиенттің картасына айына 100 000 теңгеден аспайтын аударымдар жасай алады, ал ата-анасы мен қамқоршысына күніне 1 миллион теңгеге дейін қаржы аудара алады.
- Жеке басында 5 бірдей картасы бар қазақстандықтардың төлемдері тексерілмек
Бұған дейін Қазақстанда балаларға арнайы тарифі бар SIM-карталар пайда болатыны туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар