Қазақстанда балалар үйіндегілерге мәжбүрлі түрде вакцина салынып жатыр: Министрлік түсіндірді
Желіде балалар үйінде тұратын балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізіледі деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейнеролик авторының айтуынша, жетім балаларға эксперимент жасау және оларды вакциналарды сынауға қатысуға мәжбүрлеуде. Алайда, ақпарат жалған болып шықты. Қазақстанда мұндай тәжірибелер жүргізілмейді.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ақпаратты ҚР денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды. Балалар үйіндегі балаларға да, отбасы бар балаларға да мүлдем вакцина салынып жатқан жоқ. Бұл фейк", - деп хабарлады министрлік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды