Қазақстанда әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда 33%-ға аз – Зерттеу
Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметінше, Қазақстандағы әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда үштен бір есеге аз болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КазТаг порталына сілтеме жасап.

"Әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысының шамамен 67,8%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер елдің батысында көбірек байқалады",- делінген Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға арналған 2022-2027 жылдарға арналған жаңа ел стратегиясында.
Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы жұмыссыз әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда 1,5 есе көп.
"Халықтың көп бөлігі әйелдерге және гендерлік рөлдерге қатысты дәстүрлі теріс пікірді ұстанады", - делінген құжатта.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық лазерлік эпиляциядан рак жасушаларын оятып алғанын айтты: Мұндай жағдай болуы мүмкін бе
Дәрігер: "Лазер термиялық зақым келтіріп, кейде күйдіруі мүмкін"