Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда автокөліктерді техникалық тексеруден өткізуді уақытша тоқтатуды ұсынды

Қазақстанда жеке автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуді уақытша тоқтатуды ұсынды. Оған осы салада жемқорлықтың көбейіп кеткені себеп болған деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

машина

Бұл туралы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында болған брифингте айтылды.  Автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу барысында жемқорлыққа қатысты бірқатар жүргізілген рейдтер мен жүздеген фактілер анықталғаннан кейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдағылар Қазақстанда мұндай техникалық байқау болмайды деп деп шешкен. 

Тек 2018 жылдан бастап 724 бұзушылық анықталды. Операторларға қатысты 3,8 млн. теңгеде астам қаржыны құрайтын 193 әкімшілік материал қаралды. 88 оператор тізімнен шығарылды.

«Бұл фактілер техникалық тексеру саласындағы заң бұзушылықтардың жүйелік сипатына дәлел болып табылады.  «Аддалдық Алаң» жоба кеңсесі жеке автокөліктерді байқаудан өтуге қойылатын талаптарды алып тастау туралы ұсыныс жасайды», - деді «Адалдық Аланс» республикалық жобалау бюросының басшысы  Мирас Қарғабай.

Қазақстандағы автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуді тоқтатуды жаңа модель ойлап табылғанша бас тартуға ұсыныс жасайды. Қоғамдық тыңдау 2019 жылдың тамызында басталады.

Талқылау