Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау қалай өтеді?
25 жасқа толған кез келген қазақстандық аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің әкімі бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОСК-да еліміз үшін жаңа сайлау өткізу ережелері түсіндірілді. Сонымен, бірінші кезекте, әкімдікке кандидаттың сотталмауы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы болмауы тиіс.
Лауазымға не саяси партиядан, не өзін-өзі ұсыну арқылы, бұл ретте округ немесе аудан сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1%-ына қол жинауды қамтамасыз ете отырып, ұсынылуға болады.
Сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өткізеді. Оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және өткізіледі. Жыл соңына дейін барлығы 755 әкім сайланады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"