Қазақстанда аудандар бюджетінен бөлінетін қаржы қоғамдық сараптамадан өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында аудандар мен елді мекендер бюджетінен бөлінетін қаражат егжей-тегжейлі тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік бастамаларға аудандардың және елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуі тиіс", - деді мемлекет басшысы.
Президент бұл ретте онлайн сауалнаманы да қолданған жөн екенін атап өтті.
"Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндігін күшейту керек. Ол үшін мүліктік құқықты күшейтіп, ауылдық округтердің бюджет кірісін арттырған жөн", - деді Тоқаев.
Ол үкіметке осы жылдың 1 желтоқсанына дейін нормативтік базаны, осы маңызды проблеманы шешудің тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған