Қазақстанда ата-аналар оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыра алады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Енді қазақстандықтар балаларын eGov қосымшасы арқылы бір мектептен екінші мектепке ауыстыра алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz арқылы баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, электронды түрде өтініш беруі керек.
“Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады”, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында тіркелу;
• “Білім” → “Орта білім” бөлімінде “Балаларды мектептен мектепке ауыстыру” қызметін таңдау;
• Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
• Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"