Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда астық сапасы өзгерді: Министр түсіндірді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биылғы астықтың сапасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысы барысында Омаров елімізде астық өнімдерінің сапасы әлдеқайда жақсарғаны туралы айтып берді. 

"Жаңа егін астығының сапасы жоғары көрсеткіштерге де ие екенін байқауға болады. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жалпы бидай көлемінің 83,8 пайызы 1-3-сыныптарға жатқызылды, бұл көрсеткіш 2019 жылы 67,2 пайызды құраған болатын", - деп түсіндірді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министр ауыл шаруашылығындағы маңызды көрсеткіш бидай өндірісіне ерекше тоқталған. 

"Астық қабылдау кәсіпорындарына түскен астық сапасы туралы деректерге сәйкес, дән маңызы жоғары бидай үлесінің едәуір өскені байқалуда, бұл бидайдың маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Стандартқа сәйкес 3-сыныпты бидайдағы дән маңызының мөлшері 23 пайызды құрауы тиіс. Биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғарылады. Мәселен, 3-сыныпты бидай көлемінде дән маңызы 25-27 пайыз болатын астық үлесі 25,4 пайызға жетті. 2019 жылы бұл көрсеткіш 23,4 пайызды құраған еді. Ал дән маңызының мөлшері 28% және одан жоғары болатын жоғары сапалы, жоғары сұранысқа ие HI-Pro бидайының үлесі 59 пайызға жетті, өткен жылы бұл 42,8 пайыз болатын", - деді Омаров.

Сапалы өнімнің алынуы мемлекеттің өсімдік шаруашылығына қолдау көрсету жөніндегі мақсатты саясатының арқасында мүмкін болды.

Талқылау