Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскерге шақыру жасы арта ма - Министрліктің жауабы

Қорғаныс министрлігінің өкілдері елімізде азаматтарды әскер қатарына шақыру жасын ұлғайтуға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.gov.kz  

Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықовтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында әскер шақыру жасы бұрыңғы ереже бойынша жүзеге асатынын айтты. Оның айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігімен азаматтарды әскерге шақыру жасын ұлғайту қарастырылмаған. 

Қорғаныс министрлігінің өкілі жылына екі рет – көктемде және күзде әскерге шақыру әскери бөлімдерді тұрақты жауынгерлік дайындықта ұстауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Неге жылына екі рет? Себебі шақырылғандардың бірінші легі кеткен кезде бригада бөлімшесінің 50%-ы тапсырмаларды орындауға дайын болады. Екінші жартысы – әскерге шақырылушылар - бригадаларды одан әрі толық құрамда толық жауынгерлік даярлықта ұстау үшін алты ай ішінде үйлесімді жұмыс істеуге дайындықтан өтеді. Бұл пысықталған жүйе және осы мақсаттар үшін бағдарлама қарастырылған. Сондықтан жақын арада азаматтарды жылына бір рет мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесін қарастырмаймыз", - деді спикер.
 

Талқылау