Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі
2021 жылдан бастап Қазақстанда мүгедектігі және асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін төлемдер 5 пайызға өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 қаңтарға дейін мүгедек және асыраушысынан айырылған ретінде тіркелген қазақстандықтардың жәрдемақысын көтері туралы бұйрық шықты.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін алынған әлеуметтік төлемдер сомасының бес пайызға көбейтілсін", - делінген үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысында.
Бұйрық 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты