Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік норма енгізу: Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді қандай тариф бойынша төлейтіні айтылды

Елімізде су, жылу және электр энергиясын тұтынуға әлеуметтік стандарттар енгізілгеннен кейін тарифтердің қалай өзгеретіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Әсел Буденеева әлеуметтік стандарттарды түсіндірді.

Су тұтыну мәдениетін арттыру және су мен жылуды үнемдеуге ынталандыру үшін заңнамаға "әлеуметтік тұтыну нормалары" түсінігі енгізілді. Олар "неғұрлым көп үнемдесең, соғұрлым аз төлейсің" қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Жоба сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты жоғарылатылған тарифтерді белгілеуге бағытталған.

"Коммуналдық меншік салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері алған қосымша кірістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы басым міндеттерді шешуге, оның ішінде ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, бақылау-өлшеу аспаптарын жасауға бағытталған”, – дейді Әсел Буденеева мәлімдеді.

Сумен жабдықтау секторында тұтыну шегіне байланысты төрт деңгейлі тариф қарастырылған, мұнда экономикалық шығындар келесідей бөлінеді:

Бірінші топ – 3 текше метрге дейін тұтынған кезде ағымдағы тариф қолданылады;

Екінші топ - 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынған кезде тариф ағымдағыдан 20% жоғары болады;

Үшінші топ - 5-10 текше метрді тұтынған кезде тариф 50% жоғары болады;

Төртінші топ – 10 текше метрден жоғары тұтыну үшін екі еселенген тариф қолданылады.

Жылумен жабдықтау секторында тарифтер бір абонентке шаққандағы тұрғын үй алаңының көлеміне қарай сараланады:

100 м2 дейін – бекітілген тариф қолданылады;

100-ден 200 м2-ге дейін – бекітілген тарифтен 10% жоғары;

200 м2 жоғары – орташа сату тарифі қолданылады.

Әлеуметтік тұтыну нормаларын енгізу қосымша кірістердің мақсатты пайдаланылуын бақылаумен ұштасатын болады.

Еске салсақ, осыған дейін елде суды көп қолданатындар үшін жоғарылатылған тариф енгізілетінін жазғанбыз.

Талқылау