Қазақстанда алдағы жылдары оқу ақысы қымбаттайды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылдан бастап елімізде оқу ақысы қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бюджеттегі тиісті қаржы көлемін ескеру керек. Біз біртіндеп грант құнын арттырамыз. Себебі, жоғары оқу орындары стипендия мен оқытушылардың жалақысын өсіруге мүмкіндік берілуге тиіс. Екіншіден, барлық студенттің халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуына жағдай жасау қажет. Бұл білім алу үшін маңызды", - деді министр.
Бұнымен қоса, Саясат Нұрбек өткен жылы үш университет Times Higher Education рейтингіне енгенін, шетелде қазақстандық жоғары оқу орнының 3 филиалы ашылғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға дейін екі есе өсетінін жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды