Қазақстанда ақылы жолдармен жүру бағасы қымбаттады
Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kolesa.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді. Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.
Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.
"Астана – Щучинск", "Астана – Теміртау", "Тараз – Қайнар" және "Қонаев – Талдықорған" тас жолдарында жүру құны жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.
"Алматы – Қорғас" бағытындағы жолға 359 теңге, "Астана – Павлодар" бағытына 456 теңге және "Шымкент – Қызылорда" тас жолына 527 теңге болып бекітілді.
Ал "Щучинск – Көкшетау", "Алматы – Қонаев", "Шымкент – Тараз" және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы 72 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"