Қазақстанда ақылы жолдар үшін төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін реттейтін ережелерге өзгерістер енгізіп, бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңартылған нормаларға сәйкес, жеке тұлғалар үшін төлем мерзімі ұлғайтылды. Енді жүргізушілер жол ақысын 30 күнтізбелік күн ішінде төлей алады. Егер осы мерзімде төлем жасалмаса, 31-күні материалдар әрі қарай қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберіледі.
Бұған дейін тәртіп қатаң болған: төлем 7 күн ішінде жасалмаса, 8-күні-ақ материалдар “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданатын.
Компаниялар үшін бөлек ереже
Алғаш рет жеке және заңды тұлғалар арасында айырмашылық енгізілді. Компаниялар үшін бөлек мерзім белгіленді: төлем есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Егер заңды тұлға бұл талапты орындамаса, материалдар келесі күні-ақ көліктік бақылау органдарына жолданады.
2026 жылдан бастап Қазақстанда алты жаңа автожол ақылы болады
Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі өзгереді
Өзгерістер қашан күшіне енеді
Жаңа ережелер республикалық маңызы бар ақылы жолдарды пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасауға және айыппұл жағдайларын азайтуға бағытталған.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін биыл Қазақстанда бірқатар автожолдар ақылы болатыны хабарланған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған