Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақылы автожолдар саны артпақ

Қазақстанда алдағы 2-3 жылда ақылы жолдар санын арттырмақ. Бұл туралы «Ақылы автожолдар дирекциясы» филиалының директоры Асхат Оқасов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда ақылы автожолдар саны артпақ

Филиал директорының сөзінше, алдағы 2-3 жылда ақылы автожолдар санын тағы 32 аумаққа көбейту жоспарланып отыр. Олардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайды. 

«Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүргізіліп, төлем жүргізудің ашық жүйесін енгізу ұсынылуда. Онда шлагбаумдар мен төлем жүргізу пунктілері болмайды. Төлем алдын ала төлеу әдістері арқылы жүргізіледі», - дейді Оқасов.

Айтуынша, ақылы аумақтардан түскен қаржының бәрі аумақ пен төлем жүргізу жүйесіне жұмсалады. Жолдарды ақылы етудің негізгі идеясы республикалық бюджетке түсетін салмақты жеңілдету, дейді ол. 

«Яғни ақылы болған жолдарға бюджеттен қаржы қажет болмайды. Олар толығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін болады», - дейді «Ақылы автожолдар дирекциясы» филиалының директоры.

Айта кетсек, бүгінде елімізде 4 автожол – Нұр-Сұлтан-Шортанды, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас ақылы. 

Талқылау