Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақбөкенді заңсыз сатқандар 12 жылға дейін қамалатын болды

Қазақстанда ақбөкеннің дериваттары мен бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымы үшін жаза қатаңдатылды. Ендігі оларды заңсыз сатқандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл қылмысты жасағандар 5 жылға дейін жазаланатын. Бұл туралы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда ақбөкенді заңсыз сатқандар 12 жылға дейін қамалатын болды

«Ақбөкен дериваттары мен бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымын қалыптастырған браконьерлер туралы 339-баптың негізгі ережесі түпкілікті өзгерді», - деді Нысанбаев Орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Егер браконьерлікті белгілі бір топ өздері немесе өзге топпен келісім бойынша іске асырса, бұл қылмыс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса және өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып табиғатқа ірі көлемде зиян келтірсе, жауапкершілік күшейетін жаңа талаптар белгіленді. 

«Жоғарыда айтқанымдай, санкциялар күшейтілді. Айыппұлдарды өсіріп, абақтыға қамау мерзімін ұлғайту көзделіп отыр. Бұрын ең ұзақ мерзім 5 жыл еді, қазір бұл мерзім 12 жылға дейін ұлғайтылды », - деді вице-министр.


Қазақстанның Қызыл кітабы: қандай жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген

Талқылау