Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтетін күн белгіленді
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылында мектеп ғимаратында өтеді.
"Тыңдау мекенжайы және өтетін орын: Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылындағы орта мектептің мәжіліс залы. Күні мен уақыты: 2023 жылғы 22 тамыз, сағат 11.00", – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық тыңдаулар ақпан айында өтуі тиіс болған. Бірақ кейінге шегерілді.
Талқылаудың барлық қатысушыларында өзімен бірге жеке куәлік болуы қажет екені ескертілді.
Айта кетсек, АЭС құрылыс-монтаж жұмыстары 2034 жылы аяқталып, ал 2035 жылы станция пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі