Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 992 адам карантинде жатыр

Қазақстанда 992 адам стационарлық және үй карантинінде. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жалпы, бізде үй карантинінде және стационарлы карантинге жабылғандар саны 992 адам. 2 және 3 санаттар бойынша бізде 7515 адам тұрғылықты жері бойынша бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігінде сегіз мыңға жуық адам бақылауда тұрады. Қолайсыз жағдайдағы адамдар өзге мемлекеттен (коронавирус жағдайына байланысты). Бұл Қазақстан азаматтары да, шетел азаматтары да. Егер аурудың белгілері анықталса, олар ауруханаға жатқызылады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы брифингте. 

"Бүгінгі күні бізде 60 адам ауруханаға жатқызылды, 18-і кеше шығарылды. 42 адам ауруханаларда жатыр, олар тексеріліп жатыр. Жоғарыда айтқанымдай, бізде Ресей Федерациясында, Қытайда диагностикалық зерттеулер, ДДСҰ-ның қосымша тексерістері бар. Барлық сынақтар жарамды, біз 1014 адамды тексердік, індет басталғаннан бері біз бірде-бір оң тестті анықтаған жоқпыз, - деп толықтырды Біртанов.

 

 

Талқылау