Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 30 жыл бойы құлдықта жүрген азамат отанына оралды

Қазақстанда отыз жыл бойы құл болып жұмыс істеген азамат Ресейге оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

құлдықта жүрген

Ресей азаматы Дмитрий Төменгі Новгород қаласында дүниеге келген. 90 жылдары Оралдың Каменск аймағына ағасына жұмыс іздеп барған. Ер азамат жұмыс іздеп біраз сандалған. Соңғы 11 жыл бойы Алматы облысында тұрып келіпті. Қолында тек Кеңес үкіметі кезінде берілген төлқұжаты болған. Оның еңбек құлдығынан шығуға қазақстандық азамат көмектесіпті. Ол Дмитрийді Қостанайға әкеп, әлеуметтік қор өкілдерінен көмек сұрапты. Дегенмен көп уақыт бойы Ресейде дүниеге келген ер адам сол елдің азаматтығын ала алмағандықтан туған жеріне орала алмапты. Ол өзінің түрі мен құжатын көрсетуге қорқып қалыпты, өйткені оның "қожайындары" оны тауып алады деп ойлаған. Тіпті Ресейге оралуға жол тартқан кездің өзінде Дмитрий камераға түсуден бас тартыпы. 

"РФ азаматтық беру үдерісін екі айға созып жіберді. Тағы 2 ай төлқұжаттың жасалуына кетті. Ол дайын болған кезде Дмитрий Нұр-Сұлтанға барып, оны өзі алып келді. 14 қаңтарда оны осы жерден тіркеуден өткіздік. Оның ертесі туыстарымен кездесу үшін Мәскеуге жол тартты", - дейді "Дамыту" қоғамдық қорының басшысы Нина Косюк. 

Бұған дейін Алматы облысында ер кісі 20 жылға жуық уақыт бойы құлдықта жүргенін айтқан еді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 15 Қаңтар, 2020 08:15
Талқылау