Қазақстанда 3 кассациялық сот пайда болады: Жоғарғы Сот ерекше жағдайдағы істерді қарайды
Мәжіліс сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Енді Қазақстанда іс жүргізу түрлері бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасы аясында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық сот құру көзделген.
Жаңа түзетулерге сәйкес, жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.
Осыған байланысты Жоғарғы сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда қайта қарайды:
- егер сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса;
- құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе.
Сондай-ақ Жоғарғы сот төрағасының өкілдігі институтын жою ұсынылып отыр. Өзгерістер 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі деп жоспарланған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"