Қазақстанда ақылы болатын жолдардың тізімі жарияланды
2024 жылға қарай Қазақстан жолдарының барлығы дерлік ақылы болады. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы болатын бағыттардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымның хабарлауынша, төлемді 2024 жылға дейін енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асады. "ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліпов айтқандай, осы уақытқа дейін ақылы автомобиль жолдарының ұзындығын 11 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ол жалпы алғанда бұл елдегі барлық жолдардың 45 пайызын құрайтынын атап өтті. Бұл шараларға 25 миллиард теңге жұмсалмақ.
"Біздің жоспарларымыз бойынша, келесі жылдың мамыр айына дейін біз 5800 шақырым жолды пайдалануға беруіміз керек. Бұл бірінші кезең. Ал қайта жаңартылған жолдар бірінші кезеңнен кейін жөнделеді", - деді Ұлан Әліпов.
Сонымен, 2021 жылдан бастап автомобиль жолдарына ақы төлеуді енгізу жоспарланып отыр.




Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар