Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды
"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқылауға шығарылды. Онда 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесінде өзгеріске ең төменгі жалақы мөлшерінің 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артуы себеп болғаны жазылған.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары, салық және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
- базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн, деп жазылған құжатта.
Заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. 6 қазанға дейін талқыланады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі