Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2021 жылы жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?

2021 жылғы сәуір-тамыз айларына арналған Қазақстан Республикасы бойынша консультативтік маусымдық ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Сәуір

Сәуір айында республиканың барлық аумағында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде. Сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанады, Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік – батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында нормаға жуық, нормадан жоғары – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс жартысында, Алматы облысының шеткі солтүстік-шығысында.

Мамыр

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде, Маңғыстау, Түркістан,Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік - батысында нормадан 1° жоғары. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда, нормадан жоғары-Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының солтүстігінде, нормадан төмен - Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде.

Жаздың басы республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында күтіледі, елдің шығысы мен оңтүстік-батысында температурасы климаттық нормадан 1° жоғары болады, ҚР қиыр солтүстік-батысында ауа температурасы нормадан 1° төмен болады деп күтілуде.

Жаздың ортасында ҚР көптеген облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде, нормаға жуық-елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында.

Жаздың соңында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1° жоғары.

Маусым

Маусым айында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болады деп болжануда, нормаға жуық-Қарағанды, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, елдің оңтүстігінің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, ал Қазақстанның солтүстік бөлігінде нормадан көп.

Шілде
Шілдеде елдің шығыс жартысында ауаның орташа температурасы нормаға жуық болады деп болжанады, республиканың батысында климаттық нормадан 1-2° жоғары.

Тамыз

Тамыз айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының басым бөлігінде нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау облыстарында - нормадан аз.

2021 жылдың күзінде ауаның орташа температурасы ҚР басым бөлігінде норма шамасында болжануда, республиканың солтүстік-батыс жартысында ғана нормадан 1°жоғары. Нормаға жуық жауын-шашынның мөлшері елдің басым бөлігінде күтіледі, ҚР солтүстік-шығысында-нормадан жоғары, республиканың батысында-нормадан аз.

Талқылау