Қазақстанда 2006 жылғы банкноттарды айырбастау мүмкін болмайды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналыстан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл банкноттар 2006 жылғы 15 қарашада айналымға шығарылған болатын және 2016 жылғы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатты.
Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және Ұлттық банктің
филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның
қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі төрт жылға
созылды.
Айналыстан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі
номиналдары 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің,
Ұлттық пошта операторының және Ұлттық Банк филиалдарының қабылдауына және айырбастауына жатпайды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар