Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің бағасы өседі
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің бағасын 820 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
"Ашық НҚА" порталында қаржы министрлігі басшысының тиісті бұйрығы пайда болды.
“1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, фильтрлі, сүзгісіз 20 темекіге, сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына бөлшек сауданың ең төменгі бағасы – 820 теңге, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болып бекітілсін”, – делінген құжатта.
Биыл қаңтардан бастап бекітілген ең төменгі баға 20 темекіге 770 теңге болды.
1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8% өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпан айында елдегі инфляция 9,3% деңгейінде болды. Сондықтан "Атамекен" ең төменгі бөлшек сауда бағасын 20 темекіге көтеруді ұсынды.
Бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі