Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Қазақстанда 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: uniarea.com

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 

"Білім туралы" заңға сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада тапсыруға болады”, – делінген хабарламада. 



Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

- ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

Министрлік ата-аналарды құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаларды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мектептерінде емтихандар Құрбан айтқа байланысты кейінге шегерілетіні туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 20 Наурыз, 2025 19:27
Талқылау