Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 наурыздан бастап жаңа нұсқадағы жүргізуші куәлігі беріледі

Қазақстанда жаңа нұсқадағы жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық куәлігі (техпаспорт) осы жылдың 1 наурызынан бастап беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жүргізуші куәлігі

ҚР ІІМ бұйрығы бойынша жаңа нұсқадағы куәліктерді беру 2020 жылдың 1 наурызына дейін тоқтатылады. Құжатты қарастыру 22 қаңтарға шегеріліпті. Содан кейін ғана қабылданған заң жүзеге асырылатын болады. 

"«Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қарашадағы №953 (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19546 болып тіркелген) және «Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №1002 (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19639 болып тіркелген) бұйрықтарының әрекеттері 2020 жылғы 1 наурызға дейін уақытша тоқтатылсын", - деп жазылыпты бұйрықта. 

Куәліктердің жаңа нұсқасы нормативті заңмалар сайтында көрсетіліпті. 

 


 

Талқылау