Қазақстан ұшақ апаттарының кесірінен адам шығыны көп болған 25 елдің қатарында
Қазақстандық әуекомпания әлемдегі ең қорқынышты апат жасағандардың қатарында деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
1974-2023 жылдардағы әлемдегі ең ірі ұшақ апаттарының негізгі себебі – адами фактор (экипаждың немесе диспетчердің қателігі).
Адам шығыны ең көп болған ұшақ апаты 1977 жылы болды. Канар аралдарында Тенерифе әуежайында ұшуға әрекеттенген кезде америкалық PanAm авиакомпаниясы мен Нидерландының KLM компаниясының екі Boeing-747-і соқтығысқан. 578 жолаушы қаза тапты. Бұл қайғылы жағдайдың себебі – тілдік кедергілер. Голландиялық ұшқыштар испан акцентімен ағылшын тілінде сөйлейтін диспетчердің командаларын дұрыс түсіне алмаған.
Екінші орында 1985 жылы Жапонияда болған ұшақ апаты. Бұл қайғылы оқиға соңғы 40 жыл ішінде қаза тапқан жолаушылар саны бойынша рекордқа ие. Жапониялық Boeing-747 бортында 524 адам болса, соның төртеуі ғана тірі қалған. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебі – жөндеу жұмысының сапасыздығы.
Қазақстандық ұшақтың қатысы бар апат та ең көп шығын әкелген. 1996 жылы Үндістанда қазақстандық Ил-76 және Сауд Арабиясының авиакомпаниясына тиесілі Boeing-747 әуеде соқтығысқан. Апат кезінде қазақстандық ұшақтан 37 адам, араб ұшағында 312 жолаушы қаза тапты.
Осы қайғылы оқиғадан басқа, сарапшылар 2012, 2013 және 2019 жылдары қазақстандық әуе кемелерінің апатын ең ірі апат қатарына жатқызды.
2012 жылы Ан-72 ұшағы әуежайға ұшып бара жатқанда құлады. Мұның себебі – жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі және экипаждың қателіктері. 27 адам зардап шекті.
2013 жылы CRJ200 ұшағы әуежайға жете алмады, нәтижесінде 21 адам қаза тапты.
2019 жылы Fokker 100 ұшағы ұшу кезінде құлады. 15 адам қаза тапты.