Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығады ма – министрлік жауап берді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҰҚШҰ ұйымына қатысты сұрақққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Брифинг барысында журналисттер Смадияровтан "Қазақстан Арманиямен бірге ҰҚШҰ-дан шығады деген ақпарат бар" деген сауал қойылды.
Алайда, ресми өкіл бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазір әріптестерімнен нақтылаймын. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспайды. Армения өз талабын белгілесе,олардың мәселесі. Біз ұйым аясында әлі істеп жатырмыз. 1-2 күн бұрын ғана кездесіп, ұйымның дамуы мәселесін талқыладық. Біздің еліміз ұйымның құрылуына атсалысқан елдердің бірі", - деді Смадияров.
Еске салсақ, осыған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның тиімсіздігін айтып, сынаған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды