Қазақстан ВВС-ге жарты минуттық видео орналастыру үшін 63 миллион теңге төлеген (видео)
Түркістан облысының туризм басқармасы BBC World News-ке видео дайындап, орналастыру үшін 63,4 миллион теңге төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ProTenge Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
ProTenge мәліметінше BBC World News арнасы 30 секундтық видеоны Еуропа, Таяу Шығыс пен Орталық Азияда екі апта көрсетуі керек болған.
"Сонымен қатар баннерді ВВС-дің барлық сайттарында орналастыруы керек. Келісімшарт Түркістан облысының туризм басқармасы мен "Open Turkistan" туристік ақпараттық орталығы арасында жасалған", – деп мәлімдеді сарапшылар.
Бейнеролик "турзимді дамытуда жоғары көрсеткішке жету" үшін дайындалған екен.
"Бізде келесі сұрақ туындайды: туризм басқармасы өздері қалаған көрсеткішке жете алды ма?" – деп жазды Telegram-арнаның өкілдері.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ